05 Тамыз, 2015

Шығыс аңыздары Жетісуда

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда «Ежелгі Шығыс аңыздары мен мифтері» атты көрме өз жұмысын бастады.

111 (26)

1935 жылы шаңырақ көтер­ген Қазақстанның тұңғыш мұражайына Мәскеу мұрағатынан Шығыс елдерінің мәдениетін паш ететін көптеген жәдігерлер әкелініп, сол құнды дүниелер бүгінде ел назарына ұсынылып отыр. Мұнда ХVІ ғасырдан бастап ХVІІІ, ХІХ ғасырлардың тыныс-тіршілігінен хабар беретін Шығыс елдерінің өмірі мен өркениетін, сол бағзы замандағы билеушілер мен ақсүйек әулет өкілдерінің тұрмыс-салтын көрсететін бұйым­дар және мүлік-мүкәмалдар бар­шылық.111 (10)

Эрмитаж, Третьяков галереясы, А.С.Пушкин атындағы орыс мұражайы мен Мәскеудің орталық мәдениет орындарынан әкелінген жәдігерлердің әрқайсысы бір дәуір, бір тарихтан сыр шертеді. Күні бүгінге дейін Қытай мәдениетінің бөлшегі деп есептеліп келген Шығыс ғибадатханасының иіс таратқыш қазаншығын жуырда Қытай ғалымдары мен мамандары ХІХ ғасырдағы жапон шебері Сёун Нишимура дейтін әйгілі шебердің туындысы екендігін анықтаған. Сондай-ақ, өнер мұражайының Шығыс жәдігерлері қойылған залында күріш қағазына түрлі-түсті бояумен салынған Қытай ақсүйектерінің өмірін бейнелейтін 33 метрлік сурет-баян орамасы, Шығыс ханшайымының алтын жіппен айдаһар бейнесі бедерленген қамзолы, керемет шеберлікпен жасалған ханшайым желпуіші, фарфор мен қыштан жасалған көне құмыралар, нефрит пен қоладан қашалған Будданың мүсіндері бар.111 (6) Шетелдік қонақтар мен қала тұр­ғындарының үлкен қызығу- ­шылығын тудырған Шығыс өмірі мен әпсанасын насихаттайтын көрме тамыз айының ортасына дейін жалғаспақ.

Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.