07 Мамыр, 2015

Өскеменде ардагерлерге мерейтойлық монета сыйлады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2015 Oskemen-3ӨСКЕМЕН. 6 мамыр. Өскеменде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» мерейтойлық монетасы тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әр жас сарбаз үшін соғыста болған сақа жауынгердің Отанға деген сүйіспеншілігі, бейбітшілікті қадірлеу жөнінде шерткен сыры тағылымдама іспетті. Сондықтан Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Шығыс өңірінен шыққан 109 Кеңес Одағының Батырының құрметіне арналған музей-қорық кешенінде өткен шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қала басшылығы, үрмелі аспаптар оркестрі және 5518, 27943 әскери бөлімдерімен бірге Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына шақырушылар да қатысты. 07.04.2015 Oskemen-4Өскемен қаласы Қорғаныс істері басқармасының бастығы, полковник Әділет Сақауов мерейтойлық монеталарды тапсыру сәтінде бүгінгі ұрпаққа бейбітшілік сыйлаған аға буын өкілдеріне, соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп: «Сіздердің ерлікке толы өмір жолдарыңыз Тәуелсіз еліміздің әр жас сарбазы үшін үлкен үлгі-өнеге», деді. Отан қорғаушылар күні қарсаңында шығысқазақстандықтар Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына алынған жерлестерін салтанатты түрде шығарып салды. Сондай-ақ шара барысында 27943 әскери бөлім взводы қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін тамаша меңгергендіктерін байқатқан көріністер қойса, облыстық филармония әншілері патриоттық әндер шырқады. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz Сурет: Алексей Мазницын.