17 Ақпан, 2015

Солтүстік Қазақстанда алып көлік көпірден құлай жаздады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
трррПЕТРОПАВЛ. 17 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында «К-700» тракторының жүргізушісі Мамлют қаласының шетіндегі көпірден өту кезінде рөльге ие бола алмау салдарынан жақтауға соғылып, алдыңғы бөлігі өткелге «асылып қалған». Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Трактордың көпір астындағы «Оңтүстік-Урал» теміржолына құлау қаупі туындап, оқыс оқиғаның алдын алу үшін күштік құрылымдар жедел жұмылдырылды. Қауіпті аймақ қоршалып, пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жіті қимылдың арқасында алып көлік қауіпсіз жерге шығарылды. Жапа шеккендер жоқ. Ал тракторды тастай қашқан жүргізушінің қайда кеткені белгісіз. Осы күні облыс орталығында тағы бір оқыс оқиға орын алды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар 15 метрлік биіктікке өздігінен көтерілгенімен, төмен түсуге шамасы жетпеген 32 жастағы азаматты автосатымен түсірулеріне тура келді. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. Сурет: «ҚазАқпарат». тр тттт