02 Шілде, 2010

САҢЛАҚТАРҒА СЕРПІН БЕРГЕН СПАРТАКИАДА

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің ел халқына арнаған Жолдауында “Дені сау ұлт” инфрақұрылымдық бағдарламасын көтере отырып, оның өміршеңдігін алға тартқан еді және “Атқарушы биліктің жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа да спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой­ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жас­тарын ұзартуға жағдай жасауы қажет”, деп спорт пен дене шынықтыру сала­сына ерекше маңыз беріп атап өт­кендігі баршамызға аян. Осы бағытты іске асырудың бір көрінісі ретінде Қара­ғанды облысы, Нұра ауданында өткен “Сарыарқа – 2010” жазғы ойындарын айтуға болады. “Сарыарқа – 2010” жазғы ойындар спар­такиадасы биыл өзіндік ерекшелік­терге толы болды. Аталмыш шараны Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов, Мәжіліс депутаты Дауылбай Құсайынов бастаған өңір азаматтары тамашаласа, ашылу салта­наты тоғыз ауданның спорттағы сайып­қырандары жеткен жетістіктерін айту­мен басталып, аудан әкімі С.Шайдаров, облыс әкімінің орынбасары Т.Рақым­беков, Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қа­нағатов құттықтау сөздерін спорт сүйер қауымға жолдады. Бұдан соң ар­найы тігілген костюмдерін киген 700-ге тарта жас­ бір мезетте ұлттық нақышта “Қара жорға” биін билеп, театрлан­дырылған қойылым көрсетсе, оның соңы мереке­лік отшашу­ға ұласты. Бұл сында Нұра ауданы 1-орынды иеленді. Шыңғыс МЫРЗАХМЕТ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.