ПЕТРОПАВЛ. 17 ақпан. Петропавлда ірі дүкен иелері қазақстандық тауарларды саудалауға белсене кірісті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы отандық өнім өндірушілерді қолдау туралы тапсырмасына айрықша қолдау көрсетіліп, супермаркет, гипермаркет сөрелеріне жергілікті азық-түлік өнімдері көптеп қойыла бастады. Бағалары қолжетімді. Тұтынушылар риза. Ұсынылған өнімдер арасында аймақта шығарылатын сұйық май, жұмыртқа, сүт, шұжық, тағы басқалары бар. «Қазақстанда шығарылған» деген атпен арнайы сөрелер жасақталып, макарон мен нан-тоқаш өнімдерінің ондаған түрлері қойылған.
Бұл бастамаға өзге де сауда орындарының иелері қызу үн қосып, тауар бағасына 5-10 пайыз ғана үстеме қосуды ниет етіп отыр. Олардың айтуынша, отандық кәсіпкерлермен жұмыс істеу өте ыңғайлы. Себебі тауардың сапасы күмән тудырмайды. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың тағы бір тәсілі ретінде ірі сауда орталықтарында тамақтың дәмін тату шаралары да ұйымдастырыла бастады.
Тамақ әзірлейтін кәсіпорындар дүкендерге келіп, өздерінің жаңа өнімдерін таныстырады. Адамдар оның дәмін татып, сол жерде пікір білдіруге мүмкіндік алады. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында тұтынушылардың отандық тауар өндірушілерге деген сенімі нығайып келеді, дейді супермаркет жүйесінің коммерциялық директоры Елена Матвиенко.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «Астана» телеарнасы.
• 17 Ақпан, 2015
Петропавлда жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетілді

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47