17 Ақпан, 2015

«Астана» ЦСКА-дан жеңілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана-ЦСКА 16.02.2015 сурет 03АСТАНА. 17 ақпан. ВТБ лигасы аясындағы кезекті ойынын мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізген «Астана» 60:78 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Елордамыздағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен ойында есепті алаң иелері ашты. Дегенмен, қонақтар бірден «тізгінді» өз қолдарына алып, ойынға толығымен бақылау жүргізді. Алғашқы кезең ЦСКА-ның пайдасына 14:19 есебімен аяқталды. Екінші және үшінші кезеңдерде «Астана» әйгілі командаға айтарлықтай қарсылық көрсетті. Соның нәтижесінде, екінші кезеңде тек екі ұпай айырмашылығымен жеңілсе (25:27), келесі он минуттықта 15:14 есебімен басым түсті. Алайда, жалпы есеп мәскеуліктердің пайдасына 54:60 болатын. Шешуші кезеңде астаналықтардың адымын аштырмаған қонақтар 18 ұпай олжалады. Ал Рамунас Бутаутас жаттықтыратын біздің команда бар-жоғы 6 ұпаймен жауап қайтарды. Төрт кезең қорытындысы бойынша ЦСКА-ның пайдасына 60:78 есебі тіркеліп, «Астана» лига аясында жетінші рет қатарынан жеңілуге мәжбүр болды. Маусым басынан бері 19 ойын өткізген «Астана» бүгінде турнир кестесінің 14-сатысында келеді. Барлығы 16 команда бәсекеге түсіп жатқанын айта кетейік. Елордалықтар ВТБ лигасындағы келесі кездесуін 22 ақпан күні өз алаңында эстониялық «Калев» командасына қарсы өткізеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: bcastana.kz. Астана-ЦСКА 16.02.2015 сурет 02