07 Мамыр, 2015

Өскеменде майдангерлерге пәтер кілті тапсырылды (фото)

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2015 Oskemen-5ӨСКЕМЕН. 6 мамыр. Өскеменде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар  ардагерлер баспаналы болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұлы Отан соғысында етігімен қан кешіп, қар жастанған Иван Попов, Иван Федоров, Макар Харин, Михаил Терунов есімді қарт майдангерлерге пәтер кілтін Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов тапсырды. Аталған пәтерлер шаһардың өркендеп келе жатқан көркем ауданы саналатын Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. 07.04.2015 Oskemen-6«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Отан үшін от кешкен ардагерлерді ешқашан ұмыт қалдырған емес. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде ардагерлерге зор қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі ұрпақтың сіздерге деген алғысы шексіз», деді Темірбек Қасымжанов. 07.04.2015 Oskemen-7Қала басшысының айтуынша, қазіргі кезде облыс орталығында баспана кезегінде тұрған соғыс ардагерлері жоқ. Соңғы жылдары барлық ардагерлер баспанамен қамтамасыз етілді. 95 жасқа келген Михаил Терунов Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында дүниеге келген екен. Ол 1939 жылы әскер қатарына шақырылады. Мәскеуде, одан кейін Ленинград облысының Выборг қаласында әскери борышын өтеп жүргенінде соғыс басталып, майданға кірген жас жауынгер Германияға дейін жетіп, жеңісті Эльба қаласында қарсы алады. Әскери қызметтен 1947 жылы босайды. Ұзақ жылдар Самар ауылында тұрған майдангер осыдан үш жыл бұрын Өскемен қаласына көшіп келіпті. Қарт майдангер сұрапыл жылдарда бастан өткерген қиындықты еске ала отырып, ардагерлерге зор қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысына айрықша алғысын жеткізді. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz