05 Тамыз, 2015

Бүгін көшедегі бағдаршамның пайда болғанына 101 жыл толды (фото)

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
5-8-15-bagdarsham 01АЛМАТЫ. 5 тамыз. Бағдаршам – алғаш рет 1914 жылғы 5 тамызда Кливленд қаласында (АҚШ) пайдаланылды. Сол күннен бастап 5 тамыз Халықаралық бағдаршам күні болып саналады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Алғашында бағдаршамның жарығы қызыл мен жасыл түс болды. Жарық ауысар кезде құрылғы тосын дыбыс шығарып, белгі беретін. Жалпы, бағдаршамның терең тарихы бар. Бұл аппаратты ең алғаш рет ағылшын ғалымы Джей Найт 19-ғасырда ойлап тапты. Джейдің бағдаршамы 1868 жылы Лондондағы Парламент үйінің алдына орналастырылды. Арада үш жыл өткенда ол бағдаршам кездойсоқ сәтте жарылып, сол маңдағы полицей ауыр жарақат алды. Найт бағдаршамының ғұмыры осымен бітті. Бірақ, арада 50 жыл өткенде, екі түсті бағдаршам дүниеге қайта келді. Үш түсті қазіргі заманғы бағдаршам АҚШ-тың Детройт пен Нью-Йорк қалаларында 1920 жылдан бастап көшеге тұрақты түрде қойылды. Бағдаршамдар көп кешікпей әлемнің өзге қалаларына да тарай бастады. Талғат Сүйінбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: АР, egemen.kz. 5-8-15-bagdarsham 02 5-8-15-bagdarsham 03