17 Ақпан, 2015

Жаңаөзенде мергендер мектебі ашылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
thumb_220x125_e832b686875a2b5b8d6a10f3d58e1c95АҚТАУ. 17 ақпан. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мергендер мектебі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңаөзенде ашылған мергендер мектебі облыс бойынша алғаш рет қолға алынуымен ерекше. Классикалық спортты дамытуға бағытталған бұл үйірмеге қазір оннан астам бала қатысып, садақ атудың қыр-сырын меңгеруде. Мұнда қатысушылар санын арттырып, жеңімпаздар дайындауға сенімді жаттықтырушылар жұмыс жасауда. Үйірме ашылғаннан бергі аз уақытта қатысып жүрген оқушы жастардың бірқатары қазіргі таңда 10-20 метр қашықтықта нысанаға дәл тигізуді меңгерген. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: mangystautv.kz.