Тағзым • 30 Шілде, 2025

Өнер көгінен бір жұлдыз ағып түсті...

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнер мен елге қызмет етудің, ұлт мерейін өсірудің жауап­ты жолы бар. Сол жол кенеттен үзілсе, халық қайғырады, үлкен сахна тұлғасын жоқтайды.

Өнер көгінен бір жұлдыз ағып түсті...

Кеше көрнекті опера әншісі, «Астана Опера» ­театры опера­ труппасын басқарған тұлға, ре­жис­­­сер­лік бөлімнің қыз­мет­кері, Қазақ­­­­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері Байғали Момбеков 69 жас­қа қара­ған шағында дүние салды.

1956 жылы Түркістан облысы­ Сарыағаш ауданында туған өнерпаз Құрманғазы атын­дағы Алматы мемлекеттік консер­ва­ториясының әншілік факульте­тін 1986 жылы бітір­ген, опералық және камералық әнші, педагог. 1999 жылдан Абай атындағы мем­лекеттік академиялық опера­ және балет театрының солисі, кейін К.Бай­сейітова атындағы Ұлт­тық опера және балет театры­ның солисі ретінде қазақ өнеріне қыз­­мет еткен тенор әнші тың­дарманның жүре­­гін ізгілікке, назға, әсемдікке бөледі. Өзі «әр­бір романс терең сезімге толы ақпа­рат береді. Бұл музыка тың­­­­дар­ман­ды мейірімділік­ке, қарым-қа­ты­нас­тағы тазалық­қа тәр­­бие­леп, адам­­ды лирикалық үйле­­сім­ді­лікке бағыттайды. Біз­дің кон­­цер­тімізге келген көрер­мен­де мін­­­детті түрде позитивті сезім пай­­да болады, олар жақсы көңіл күй­­ден қуат алады» дегенін­дей, көңіл тебіренте шырқаған романс­тары ел жүрегінен өшпек емес.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35