19 Наурыз, 2015

Бокс. Хельсинки турнирінен – 3 алтын медаль

314 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

19-03-15-nurjan_bekzatov-1

АСТАНА. 19 наурыз. Қазақстан боксшылары 13-15 наурыз күндері Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында өткен халықаралық турнирден 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алып қайтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сөйтіп, жарысқа барған 6 боксшымыз түгел жүлдеге қол жеткізді. Рас, қатысушылар саны аз болғандықтан, спортшылар ұрысты ширек финалдан бастады. Қазақстандықтар қатарында екі атлет қана осы кезеңде рингке шықты. Ал 3 боксшымыз үшін турнир – жартылай финалдан, біреуі үшін тура финалдан өрбіді. Мұның үстіне, 69, 75 және 81 килоға дейінгі салмақтарда екі финалдық айқастар болды. Яғни бұл категориялар бойынша екі-екіден медальдар жиынтығы тапсырылды. Ширек финал шайқасында Сағадат Рахманқұлов (69 кг) пен Арбек Әбдіғаниев (91 кг) күш сынасты. Бұлардың біріншісі фин Хенрик Енротты 3:0 етіп ұтса, екіншісі болгар Кристиан Димитровтан 2:1 есебімен басым түсті. Ал біздің боксшылар арасынан жартылай финалда бірінші шайқасқан Азат Махметов (52 кг) англиялық Блайн Хиландты 3:0 етіп түріп шықты. Бірақ содан кейінгі екі жігітіміз жарыс жолынан шығып қалды. Алдымен 64 килодағы Алмасбек Әлібеков ресейлік Константин Богомазовтан 2-раундта нокаутпен жеңілді. Сосын Рахманқұлов англиялық Крис Мбуаконгоға есе жіберді – 1:2. Бұдан кейін 81 килодағы Арман Рысбек – фин Вилли Хукканенді 3:0, Әбдіғаниев ресейлік Ислам Текеевті 2:1 етіп ұтты. Осылайша финалға шыққан 4 боксшымыздың үшеуі қарсыластарына дес бермеді. Атап айтқанда, Махметов – ирланд Милес Касейді 2:1 етіп ұтса, бірінші рет шаршы алаңға шыққан 91 килодан ауыр салмақтағы Нұржан Бекзатов (жоғарыдағы суретте) ресейлік Никита Стогов 3:0 есебімен сүріндірді. Ал Рысбек жеңісті қарсыласы эстон Айнар Карлсоннан ұрыссыз алды. Финалда жеңілген жалғыз боксшымыз Әбдіғаниев болды. Ол голландиялық Рой Корвингтен 0:3 есебімен ұтылды. Командалық есепте 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған Ирландия командасы бірінші орынға орналасты. Екінші орын біздің боксшыларда болса (3+1+2), үшінші орынға 2 алтын медальмен Голландия жігіттері жайғасты. Ал төртінші орында – фин (1+2+5), бесінші орында Ресей (1+2+2) жасақтары тұр. Дамир Қожамқұл.   Техникалық мәлімет Бокс. Ерлер. Gee-Bee Tournament. Хельсинки (Финляндия), 13-15 наурыз, 2015 жыл. 13 наурыз. Ширек финал. 56 кг. Назир Балаев (Ресей) – Иван Мартынюк (Украина) 3:0, Курт Уалкер (Ирландия) – Алессио Ди Савино (Италия) 3:0, Петер МакГрайл (Англия) – Матти Коота (Финляндия) 3:0. 60 кг. Шамиль Аскеров (Ресей) – Башир Хассан (Швеция) 3:0. 64 кг. Айрин Исметов (Болгария) – Артур Ахметов (Латвия) 3:0, Константин Богомазов (Ресей) – Джохан Ороско ( Испания) 3:0. 69 кг. Сағадат Рахманқұлов (Қазақстан) – Хенрик Енрот (Финляндия) 3:0, Адам Нолан (Ирландия) – Иоуба Ндайе Сиссохо (Испания) 2:1, Оливер Флодин (Швеция) – Симеон Чамов (Болгария) 3:0. 75 кг. Илари Кужала (Финляндия) – Александр Агафонов (Ресей) 2:1, Коннор Койле (Ирландия) – Трой Уилльямсон (Англия) 2:1, Макс ван дер Пас (Голландия) – Олексий Казим-Заде (Украина) 2:1, Дмитрий Третьяк (Финляндия) – Леон Чартой (Швеция) 2:1. 81 кг. Вилле Хукканен (Финляндия) – Давид Арустамян (Ресей) 3:0, Айнар Карлсон (Эстония) – Джанлука Роскиглионе (Италия) 3:0, Матус Стрниско (Словакия) – Линдон Артур (Англия) 2:1. 91 кг. Ислам Текеев (Ресей) – Райн Карлсон (Эстония) 3:0, Арбек Әбдіғаниев (Қазақстан) – Кристиан Димитров (Болгария) 2:1. 14 наурыз. Жартылай финал. 49 кг. Брендан Ирвин (Ирландия) – Никита Томилов (Ресей) 2:1, Тинко Банабаков (Болгария) – Кирилл Сериков (Эстония) 3:0. 52 кг. Азат Махметов (Қазақстан) – Блайн Хиланд (Англия) 3:0, Милес Касей (Ирландия) – Габриел Эскобар (Испания) 2:1. 56 кг. Назир Балаев (Ресей) – Стефан Иванов (Болгария) 2:1, Петер МакГрайл (Англия) – Курт Уалкер (Ирландия) 2:1. 60 кг. Шамиль Аскеров (Ресей) – Михал Заторски (Словакия) 2:1, Франческо Маетта (Италия) – Георге Батес (Ирландия) 2:1. 64 кг. Айрин Исметов (Болгария) – Амин Нури (Финляндия) 3:0, Константин Богомазов (Ресей) – Алмасбек Әлібеков (Қазақстан) ТКОI 2. 69 кг. Крис Мбуаконго (Англия) – Сағадат Рахманқұлов (Қазақстан) 2:1, Адам Нолан (Ирландия) – Оливер Флодин (Швеция) 2:1, Микко Ниеми (Финлянлия) – Михаил Павлов (Латвия) 2:1, Кларенс Гойерам (Швеция) – Андрей Харченко (Эстония) 2:0. 75 кг. Кауро Арро (Эстония) – Дамиан Биачо (Испания) 3:0, Коннор Койле (Ирландия) – Илари Кужала (Финляндия) 2:1, Макс ван дер Пас (Голландия) – Дмитрий Третьяк (Финляндия) 2:1. 81 кг. Арман Рысбек (Қазақстан) – Вилли Хукканен (Финляндия) 3:0, Айнар Карлсон (Эстония) – Матус Стрниско (Словакия) WO. 91 кг. Рой Корвинг (Голландия) – Томи Нонка (Финляндия) 3:0, Арбек Әбдіғаниев – Ислам Текеев (Ресей) 2:1, Никита Стогов (Ресей) – Виктор Труш (Украина) 3:0. 15 наурыз. Финал. 49 кг. Брендан Ирвин (Ирландия) – Тинко Банабаков (Болгария) 2:1. 52 кг. Азат Махметов (Қазақстан) – Милес Касей (Ирландия) 2:1. 56 кг. Петер МакГрайл (Англия) – Назир Балаев (Ресей) 3:0. 60 кг. Шамиль Аскеров (Ресей) – Франческо Маетта (Италия) 2:1. 64 кг. Константин Богомазов (Италия) – Айрин Исметов (Болгария) 3:0. 69 кг. Адам Нолан (Ирландия) – Крис Мбуаконго (Англия) 3:0, Кларенс Гойерам (Швеция) – Микко Ниеми (Финляндия) 3:0. 75 кг. Макс ван дер Пас (Голландия) – Коннор Койле (Ирландия) 3:0, Кауро Арро (Эстония) – Жанне Ожапало (Финляндия) 2:1. 81 кг. Жере Жокинен (Финляндия) – Гампус Хенриксон (Швеция) 2:1, Арман Рысбек (Қазақстан) – Айнар Карлсон (Эстония) WO. 91 кг. Рой Корвинг (Голландия) – Арбек Әбдіғаниев (Қазақстан) 3:0. +91 кг. Нұржан Бекзатов (Қазақстан) – Никита Стогов (Ресей) 3:0.