ТАРАЗ. 5 тамыз. Жақында «ҚазТрансГаз» АҚ «Амангелді» кен орнынан жаңа геологиялық қор тапты. Қор «Батыс Сұлтанқұдық» құрылымынан табылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа кеніште алдын-ала геологиялық барлау есептері бойынша көмірсутек шикізатының қоры 32,7 млрд. текше метр, алынатын қор 24,5 млрд. текше метр болады деп күтілуде. Бұл әрине, табиғи газ бен газ конденсатын өндіру көлемін арттырып, еліміздің оңтүстік өңірлерін отандық газбен қамтуға септігін тигізеді.
«Амангелді» газ кеніші бүгінде облысқа жылына 330 млн. текше метр табиғи отын беріп отыр. Өткен жылдың соңында ашылған «Жарқұм» кен орнының арқасында тағы да жылына 65 млн. текше метр газды қосымша алуға мүмкіндік туды. «Амангелді» газ кеніші қорының көбеюі жергілікті халықтың әлеуметтік тұрмысына үлкен серпін беруде. Содан болар, елді мекендерді газдандыруда соңғы жылдары облыста үлкен тірліктер атқарылып жатыр. Облыста 373 елді мекен бар. Соның 40 пайыздан астамы газдандырылған. Қазір Жамбыл облысында тек Мойынқұм ауданына ғана газ тартылмаған. Биыл Шу, Қордай аудандарының тұрғындары табиғи отынның рахатын көруде. Енді Қаратау қаласынан Жаңатас қаласына газ құбырларын тартудың қамы жасалуда.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше