ШЫМКЕНТ. 7 мамыр. Оңтүстүк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Кетебай ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектептің алдында батыр қызға биік тұғырға орнатылған бюст пен мемориалдық тақта орнатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлы Отан соғысында ерліктің өшпес үлгісін көрсетіп, қазақтың даңқын шығарған сұрмерген қыз бір ұлттың ғана батыры деген өлшемге симайды.
Осы айтулы мерекеге арнайы келген Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев Әлияның ерлігі қазақ ұл-қыздарына үлгі, өнеге болатындығын, ел басына күн туғанда асыл ерлердің жаңқиярлық ерлікке баратындығын, Отан үшін отқа түскеннің күймейтіндігін айтты. Осы мерекеге Ақтөбеден арнайы келген Әлияның сіңлісі Тәжен Нұрмұхамедқызы «Осы мектептен білім алған оқушылар Әлия сияқты Отанын шынайы сүйетін үлкен жүректі азаматтар болады деп ойлаймын» деген.
Ескерткішті осы мектептен түлеп ұшқан азаматтар өз қаржысына орнатыпты. Мемориалдық тақтаға осы ауылдан соғысқа аттанған 45 солдаттың аты-жөні қашап жазылған.
Жиында сөз алған Мақтаарал ауданының әкімі Серік Тұрбеков ауданнан майданға аттанған 15 мыңнан астам азаматтардың он мыңнан астамы оралмағанын айтты. Міне, соғыс қандай қасірет әкелген.
Ауданда соғыс ардагерлеріне лайықты көмек көрсетіліп жатыр. Біріне пәтер берілсе, бірінің үйі жөндеуден өтіп, кетеуі кеткені қайта салынып жатыр. Соғыс ардагерін алып жүру үшін көлік те берілуде.
«Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Қаршадай қазақ қызы ел басына күн туғанда бұта түбін сағалап қалмай ер азаматтармен бірдей соғысты. Жалындап тұрған жастық шағын Отанының басына түскен нәубетті жоюға арнады. Әлия – қазақтың Тұмар – Томирис сынды батыры. Оның ерлік баяны еліміздің жастарының патриоттық тәрбиесіне мәңгілік қызмет ете береді», деді осы өнегелі істі ұйымдастырушылардың бірі, облыстық мәслихаттың депутаты Сәду Бекенов.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 07 Мамыр, 2015
Оңтүстік Қазақстанда Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнатылды

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25