АТЫРАУ. 4 тамыз. Атырау облысындағы монополист-кәсіпорындардың желіге қосылу барысында тұтынушылардан заңсыз құжаттар сұрату дерегі анықталып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырауда су, газ және электр желілеріне қосылуға ниетті тұтынушылар өтініші уақытында орындала бермейді. Өйткені, аталған салаларда тұтынушыларға қызмет көрсететін кәсіпорындар тарапынан заңда көзделмеген құжаттар сұралады екен. Осылайша, тұтынушылар құқығы бұзылады.
«Атырау Жарық» акционерлік қоғамы, «Жылыой Газ» және «Жылыой Су» серіктестіктері өздеріне тиесілі желіге қосуға техникалық шарттар беру кезінде заңда қарастырылмаған құжаттар әкелуді талап еткен. Мәселен, барлық коммуникациялар мен құрылыстар көрінетін 1:500 масштабты топонимикалық түсірілім сұратқан. Кәсіпорындардың бұл талабы кәсіпкерлердің қосымша шығындануына әкеліп соқтырды. Енді бұл құжаттар қажетті құжаттар тізімінен алынып тасталды», деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы басқарма басшысының міндетін атқарушы Темірбек Дәржанов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы.
Сурет: azh.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше