07 Мамыр, 2015

Алматы облысында ескек есуден сайыс басталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2015 Almaty oblТАЛДЫҚОРҒАН. Алматы облысында ХV  Іле-Балқаш регатасы  биыл  да  қалыптасқан  дәстүрді  сақтап,  Таңбалы  тас  шатқалынан  басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Уақыт  ағымына  сай   сан  түрлі  су  қайықтарына  мінген  спортшылар  Іле  өзенін  бойлай  Балқаш   көлін  бетке  алды.  Іркес-тіркес  жарысқа  түскен  30  командада  нағыз  сайыпқырандар   жиналыпты. 07.04.2015 Almaty obl-1Бұл  шараның  негізгі  мақсаты -    қоршаған  ортаны  қорғау  болып  табылады.  Сөйтіп,  жер  жаннаты  Жетісу  өңіріндегі  Алтынемел  ұлттық  табиғат  бағы  аумағында  жатқан Айғайқұм (әнші құм)   сынды  таңғажайып  тамаша  табиғат  тартуларын  көре  900  шақырымнан  астам  жер  жүріп  өтпек.  Табиғат  жанашырлары   Іле  өзенін  бойлай  жүзгенде   сан   мыңдаған  иілімдерді  сүзе  отырып,  заңсыз  балық  аулаушыларға  тыйым  салатыны  да  бар.  Әлбетте  қалың  қамыстың  арасындағы  жыртқыш  аңдарды  да  қорғау  назардан  тыс  қалмайды. 30  сәуірде  Қапшағай  көлінің  жағалауына  мыңдаған  алматылықтар  арнайы  келіп  шығарып  салған  саяхатшылар  осы  жылдың  31  мамырында  мәреге  жетеді  деп  жоспарланған.  Жеңімпаздар  сол  күні  белгілі  болады. Нұрбол  Әлдібаев. Дерек, сурет: egemen.kz