Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров кеше Астанада Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясына қатысу үшін келген Норвегияның Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының Альф-Оге Хансен басқарған делегациясымен кездесу өткізді.
Осы ұйым қызметі бейбітшілікті, адам құқықтарын және бүкіл әлемде діниаралық толеранттықты алға жылжытумен байланысты коммерциялық құрылым болып табылады.
Тараптар кездесу кезінде Орталық Норвегия Хельсинки комитетімен бірлесіп әзірлеген адам құқықтары ахуалы туралы баяндаманы іске асыру мәселелерін талқылады, оның ресми тұсаукесері Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция аясында өтті.
Омбудсмен мемлекеттің адам құқықтарын, атап айтқанда, діни наным бостандығы саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі бағыттарымен және қабылдап отырған шараларымен таныстырды.
Делегация жоғарыда аталған ақпаратты оң қабылдады. Омбудсмен мекемесі мен Норвегия бейбітшілік және адам құқықтары орталығының үнқатысуын одан әрі жалғастыруы және ынтымақтастығының маңыздылығы туралы ортақ пікір білдірді.