ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 мамыр. Қалада осымен бесінші рет «Поэзия менімен егіз бе едің» атты Мұқағали Мақатаев атындағы дәстүрлі республикалық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мүшәйраны Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махабат Бигелдиев ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Мақсаты - мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру болғандықтан облыс әкімінің арнайы жүлдесі тағайындалыпты. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Мұқағали Мақатаев – қасиетті Хантәңірінің етегіндегі Қарасаз ауылында туып, қазақ поэзиясының асқар шыңына шыққан дара тұлға. Ақынның өлеңдерін оқымайтын қазақ кемде-кем. Ақиық ақынның шығармалары арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастарды әдеби шеберлікке баулу, жас талантты ақындарды тану мақсатындағы бұл шараның маңызы өте зор. Бұл байқауда өзге облыстардан - 17, Жетісу жерінен - 3 үміткер, барлығы 20 жас ақын өз бағын сынады.
Өнерге қашанда құрмет көрсетуден танбайтын қазақ ақындардың өлең оқу шеберлігін бағамдап қана қоймай сол жас ақындардың Мұқағали аруағына бас иіп, тәу етіп, рух ала жұлқына өлең оқуға деген ұмтылысына ерекше ілтипат таныта білді. Ал поэзия тілін жетік меңгерген «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлымен республикамызға танымал ақын - Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Ахмет Кендірбекұлы бастаған төрешілер өз бағаларын берді. Жөн. Өйткені, бұл бәсеке. Біреу жеңіп, екіншілер өз осалдығын мойындауы шарт. Біле білсек, бұл поэзияның бір ерекшелігі.
Сонымен, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, қазылар алқасының төрағасы Жанарбек Әшімжан «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін Алматы қаласынан келіп жыр додасын жарып шыққан Шерхан Талапқа тапсырды. Байқау жеңімпаздарына дипломдар, қаржылай сыйлықтар және мүшайраға қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар берілді. Тағы бір көзайым хабар 2011-2015 жылдар аралығында өткен республикалық мүшәйраларға қатысқан ақындар өлеңі топтастырылып, кітап шығатын болады.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 07 Мамыр, 2015
Талдықорғанда Мұқағали Мақатаев атындағы мүшәйра өтті

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше