АТЫРАУ. 5 тамыз. Атырау облысының прокурорлары ауыз су жүйесін қамтамасыз етуге бөлінген қаражат есебінен жалпы құны 272 175 506 теңгенің жұмыс ауқымы атқарылмай қалғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Елбасының Жолдауларында, сонымен бірге, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай Атырау облысының прокуратура органдары «Ақ Бұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуын жіті бақылауға алды. Прокуратура қызметкерлері жүргізген тексерулер нәтижесінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз етпеу, мерзімінде аяқталмаған жұмыстар үшін айыппұлдар есептемеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу фактілері анықталды. Мәселен, Индер ауданының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су беру жүйесіндегі ауыз су сапасына зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде Елтай ауылындағы су тұнбасында хлор қалдығының болмағаны анықталды. Сонымен бірге, микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде су құрамында жалпы колиформ және термотолерант колиформ бактерияларының бар екендігі анықталған.
«Атырау облысында ауыз су жүйесін қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың есебінен жалпы құны 272 175 506 теңгені құрайтын жұмыс ауқымы атқарылмай қалған», делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада. Аталған мәселе облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде кеңінен талқыға түсті. Алқа мәжілісінде қаралған мәселе бойынша облыс әкіміне және өзге де уәкілетті органдарға тиісті прокурорлық ықпал ету актілері енгізілетін болды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы.
Сурет: azh.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше