02 Шілде, 2010

ЕРДІҢ МЕРЕЙІ – ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ

497 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мәдениет министрлігі мен Президенттік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы” атты ән кеші мен “Елбасы және елорда” атты көрме Астананың мерейлі мерекесі қарсаңында жұртшылық назарына ұсынылды. Президенттік мәдениет орта­лы­ғында танымы мен тағылымы мол ән кешіне жұртшы­лық мейлінше көп жиналды. Халқымыздың сан ғасырға жуық тарихында музыканың, со­ның ішінде ән өнерінің алар орны ерекше болса, әр заманда сұрып­талып, тек қазақ халқына ғана тән әуен ырғағы, қай­та­ланбас ұлттық сазы бүгінде ХХІ ғасырда Қазақ елінің көк аспаны аясында шырқа­лып келеді. Салтанатты кештің шымыл­ды­ғын Президенттік мәдениет орта­­лы­ғының директоры Мыр­затай Жол­дас­беков ашты. “Біз ықылым заман­дардан бері ұлы дала төсінде сан қилы тағдырды басынан кеш­кен ел едік. Мың­даған жылдар сан ұр­пақ осы күнді армандаумен өтті. Небәрі 19 жылдың ішінде сайын далада жа­ңа мемлекет – Тәуелсіз Қа­зақ­­стан ор­нады. Елор­да­лы, Ақ­ор­далы, Ел­басылы ел болдық. Қа­зақстан – бү­гін­­де әлем мо­йын­­даған қуатты мем­лекетке, Астана – ха­лық­аралық ынты­мақ­­тас­тық­тың еңсе­лі орда­сына, Елбасы жер бетін­дегі ық­палды қайраткерге айналды. Таяуда ғана Түркияның Президенті Аб­дул­ла Гүл мырза Ел­басының иы­ғына ақ шапан жауып, қолы­на асатаяқ ұстатты. Сөй­тіп, Түрік әлемі­нің көш­басшысы деп жа­рия­ла­ды. Йор­данияның аста­на­сында Елбасының атына көше беріл­ді, Ан­карада ес­керткіш ор­на­­ды. Мұ­ның бәрі тек қазақтың көңілі үшін жасалып жат­қан жоқ, Елбасының ерен еңбегінің бағасы, әрі ердің ме­рейі, әрі елдің мерейі. Елбасы ту­ған хал­қын, сайын даласын жанын­дай сүйетін кісі” – деді ол тебірене сөйлеп. Ұлтымыздың кең даласына та­ны­­мал, халқымыздың дана жү­ре­гі­нен, дархан көңілінен туған көрікті әндер кеші екі бөлімнен тұрды. Бірінші бө­лім­де Елбасы сүйіп тың­дайтын “Ақ Баян”, “Қарай көзім”, “Халәу-ләй­лім”, “Дүл­­дүлім”, “Қы­мыз құйғыш”, “Қы­зылжар-Семей”, “Ғазиза гүл”, “Дола­на”, “Ахау, ке­рім”, “Бұл­­бұл құсым”, “Гүлдариға” жә­не халық әндері шыр­қалса, екін­ші бөлімде Елбасына арнап жаз­ған Н.Айтұлы­ның “Елбасы” атты тол­ғауы, М.Қасымбеков пен Е.Үсе­нов­тың “Жан аға”, сон­дай-ақ Н.На­зар­­баев­­тың сөзі­не жа­зылған А.Қо­раз­баев­тың “Үш­қоңыр” атты әндері шыр­қалды. Ән кешінде Гүлзира Бөкей­ханқызы, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Гүлмира Са­ри­на, Жазгүл Даңылбаева сын­ды тағы басқа елімізге танымал өнерпаздар ән шырқады. Ал сахналық безен­діруден бастан ән кешінің мазмұн­дық идеясына белгілі режиссер С.Асылханұлы зор еңбек сіңіріпті. Ән кешінен кейін жиналған қауым “Тәуелсіз Қазақстан”, “Шежіре”, “Астана” деген үш бөлімнен тұратын “Елбасы мен Елорда” атты көрмені тамашал­ады. Бұл көрмеге елорданың даңқының еселену жолдарына қатысты және елімізді өркен­детудегі Елбасының ерен еңбегі­нен сыр шертетін фотосуреттер, 50 құжат пен 52 планшет тама­шалаушыларды тәнті етті. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.