ҚОСТАНАЙ. 5 тамыз. Қостанай облысы Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дербес Жармағамбетов аудан орталығындағы дүкенге түскен үш қарақшының ізін суытпай ұстауға көмектескен Виктор Савченкоға алғыс хат тапсырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кешкі сағат 20:00-де полицияның кезекшілік бөліміне белгісіз үш адамның «Элит» дүкенін тонап, қашып кеткені туралы дабыл түседі. Дүкенші бір адамның сыртта қалып, екеуі дүкенге кіріп, өзін қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткенін хабарлайды. Ішкі істер бөлімі бүкіл құрамды дабылмен жедел көтереді.
Осы кезде Қарабалық тұрғыны Виктор Савченко «Элит» дүкеніне қарай көлігімен келе жатады. Ол келе бергенде үш адамның дүкеннен шыға келгенін байқап, олардың суыт жүрісін сезеді. Дереу дүкенге кіріп, дүкенші болып істейтін өзінің қайын енесінің аман екенін көреді де, қылмыскерлердің артынан қуа жөнеледі. Екеуіне көшеде қуып жеткенімен, олар қашып кетеді. Үшіншісін көлігіне отырғызып, оқиға орнына алып келеді. Полицейлер қалған екі ұрыны сол тәуліктен қалдырмай қолға түсірді. Оның біреуін бір үйден, екіншісін басқа үйдің төсегінің астына тығылған жерінен ұстаған. Қарақшылық көрсеткен үшеуі де бұрын сотталған, 24-26 жастағы жігіттер екен.
Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы қылмыскерлерді ұстаудағы ерлік ісі үшін Виктор Савченкоға алғыс хат тапсырды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 05 Тамыз, 2015
Қостанай облысының тұрғыны қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше