23 Маусым, 2015

Табыстар тарихы

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының 2012 жылдың ақпан айындағы Германияға сапарының аясында «KAZNEX INVEST» АҚ пен «Кнауф» компаниясы арасында Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың 2-ші кезегін салуға қатысты меморандумға қол қойылды. Қазіргі күні құрылыс аяқталып, зауыт пайдалануға берілді, зауыт құрылысқа пайдаланатын түрлі қос­палар, әрлеуші материалдар және гипсті-картондық бетшелер шыға­рады. Кнауфтың Қазақстандағы қыз­меті кезінде 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Зауыттың 2-ші кезегі жеке тұрған ғимарат ретінде салынды. Оның ішіне гипсті жақпа материалдарды өндіретін диірмен орнатылған. Мұндай материалдар, соның ішінде түрлі құрғақ қоспалар біздің елі­мізде жеткіліксіз болатын. Зауыт қызметі осы проблеманы шешуге бағыт­талған. Сонымен қатар, мұнда да­йын өнімдерді қораптайтын, орайтын құрал-жабдықтар да орнатылған. «Кнауф» компаниясы өзінің Қа­зақ­стандағы қызметін уақыт өткен сайын кеңейтіп келеді. Алдағы уақыттары қосымша инвестициялар салуға да әзір екендігін байқатты. Шетелдік бұл компания елі­міз­де жүзеге асырылу үстіндегі индус­триялық-инновациялық даму бағдар­ламасын, осы бағыттағы реформаларды толық қолдайды. Еліміздің инфра­құ­ры­лым­дарын дамыту бағытында жұмыс істеп жатқан немістің осындай ком­па­ния­ларының бірі – Boehmer GmbH. Бұл компания «KAZNEX INVEST» АҚ-пен сәтті келіссөздер жүргізу­дің нәтижесінде Қарағанды қаласын­да мұнай мен газ құбырлар, жылу және сумен қамту және басқа ­да инфра­құрылымдық салаларға ар­на­л­ған бұйымдар шығару ісін қолға алды. Бұл жобаға неміс жағының құйған инвестицияларының көлемі 19 миллион долларды құрады. Осы қаржыға ғимарат құрылысы жүргізілді. Құрал-жабдықтар, технологиялар сатып алынды және негізгі қаржы айналымын қалыптастыру үшін жұмсалды. Кәсіпорында 50 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның өндірген өнімдері Кеден одағының рыноктарына, сон­дай-ақ алыстағы шетелдерге жөнел­тіледі деп жоспарлануда. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».