06 Тамыз, 2015

Сенатор түсіндіру жұмыстарын жүргізді

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

100-590

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған Парламент Сенатының депутаты, Сот жүйесі және құқық қорғау органдарының конституциялық заңнамасы жөніндегі комитетінің мүшесі Бектас Бекназаровтың қатысуымен көшпелі отырыс өтті.

100 накты кадам

Шараға облыс әкімінің орын­басары Ғали Есқалиев, облыс­тық мәслихаттың хатшысы Сә­ния Қалдығұлова, судьялар, про­ку­ратура мен адвокатура қызмет­керлері, облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырысты облыстық мәс­ли­хаттың хатшысы Сәния Қал­ды­ғұлова қысқаша сөз сөйлеп ашып, Ұлт жоспарының маңы­зына тоқталды. Жиында сөз алған сенатор Бектас Бекна­заров Мем­лекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Ұлт жос­пары – 100 нақты қадам бес инсти­­тут­­тық реформасын жүзеге асыру – бұл жаһандық ішкі сын-қатерлер­ге жауап және жаңа тарихи жағ­дай­ларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі баянды бағдарлама екендігін атап өтті. «100 нақты қадам» Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, тура жолдан таймауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын және заң үстемдігін қамтамасыз ететін болады, – дей келіп, ол құқық қорғау орғандарын реформалауға байланысты болатын өзгерістерді түсіндірді. Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі жөнінде баяндады, соттың ашықтығы мен жариялылығына қатысты атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Оның айтуынша, облыстық сот бейне және аудио құралдармен 70 пайыз қамтамасыз етілген, бұл өз кезегінде сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығына алғышарт жасайды. Одан кейін сөз алған об­лыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Рахат Аханов құқық қорғау орган­дарындағы өзгерістерді бүгінгі жағ­даймен сабақтастырды, алдағы уақытта атқарылар ауқым­ды істерді айта келіп, бұл бағыт­тағы ойларын ортаға салды. Әсіресе, жергілікті билікпен қоян-қолтық жұмыс істеудің тиім­ділігіне баса назар аударды. Сенатор, сондай-ақ, облыс орталығында қоғамдық қабылдау өткізді. Содан кейін Алға және Хромтау ауданының активімен кездесіп, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.