23 Маусым, 2015

Қытайда студент қыздың асқазанынан қасық шықты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23.06.2015-Kasuk jutkanАЛМАТЫ. 23 маусым. Қытайдың Ухань қаласындағы аурухананың біріне 14 сантиметрлік қасық жұтып қойған студент қыз түсті. Бул туралы Shanghaiist хабарлады. Жатақханаға барар жолда балмұздақ жеп келе жатқан студентті құрбысы әзілдеп арқасынан итереді. Оқыс қимылдап, айқайлап күлемін деген қыз сол сәтте балмұздақ жеп келетін аузындағы қасықты қалай жұтып қойғанын өзі де білмей қалады. Әуелде ол ауруханаға барудан бас тартқан. Кейін интернеттен осыған ұқсас оқиғалардың мән-жайын оқып білген соң, дереу дәрігерге баруға мәжбүр болады. Қытай дәрігерлері жас қыздың асқазанына ешқандай да залал келтірмей, 10 минуттың ішінде пласттмасса қасықты сыртқа алып шықты. Талғат Сүйінбай Дерек: Shanghaiist. Сурет: Reuters.
Соңғы жаңалықтар