23 Маусым, 2015

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны тағы жарты жылға ұзартты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23.06.2015-EO RussiaАЛМАТЫ. 23 маусым. Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияны 2016 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Еуроодақ мүше елдердің сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Сюзан Кифер өзінің микроблогында осылай деп жазды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Украинадағы шиеленіске байланысты Минск уағдаластығының түпкілікті жүзеге асуы үшін жасалынған кезекті қадам шарттарында бұрынғы талаптар толықтай сақталынады. Ресей үкіметі Еуроодақтың экономикалық кезекеті қысым-талаптарын «түсіністікпен» қабылдаған сыңайлы. Осыған орай Ресей Федерациясының Қаржы министрі Антон Силуанов: «Біздің бүгінгі экономикалық даму бағытымызда еуроодақтық талаптың бұлайша кезекті өріс алуы ескерілетін болады», – деп мәлімдеме жасады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: РИА «Новости».