23 Маусым, 2015

Түркия тұрғыны үйі астынан көне қала орнын тапты (фото)

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23.06.2015-Kone Kala 1АСТАНА. 23 маусым. Түркияның бір тұрғыны өз үйінің астынан бұдан мың жыл бұрын тіршілік еткен тұтас қаланың құрылысын тапты. Бұл туралы islam-today.ru сайтына сілтеме жасап ras.kz хабарлады. Ғалымдардың пайымынша, деринкую, яғни «терең құдық» – жер асты қаласында сол заманда 20 мың адам тұрған. Ол 60 метр тереңдіктегі сегіз деңгейлі кешен болып шықты. Бірақ ол жерасты қаласының бір бөлігі ғана екен, қалған бөліктері әлі қазылмаған. Жердің астындағы қаланың орнын аршып алу тым қиынға түспеген. Жұрт содан кейін өз отбасыларымен сонда барып тұра бастаған. Ал Деринкуюдің құрылысы Византия дәуірінде, VII-VIII ғасырларда салынып, кеңейтіле түскен көрінеді. Қаланың бірінші деңгейінде ат қорасы, жүзім сығатын аппарат және үлкен күмбез тұрған. Одан гөрі тереңіректе тұрғын жайлар, асүй мен шіркеу болған. Түркиядағы Невшехир қаласы бекінісі жанында жүріп жатқан құрылыс жұмыстары барысында 2014 жылғы желтоқсанда тағы бір жерасты қаласы табылды. Археологтардың алдын ала мәліметтері бойынша, табылған көне қала бұдан бес мың жыл бұрын тіршілік еткен. Оның жерасты галереясының ұзындығы кемінде 7 шақырым болған, ал ауданы 45 гектар деп саналып отыр. Жаңадан табылған жерасты қаласын аршып алу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz. 23.06.2015-Kone Kala 2 23.06.2015-Kone Kala 4 23.06.2015-Kone Kala 3 23.06.2015-Kone Kala 5 23.06.2015-Kone Kala 6 23.06.2015-Kone Kala 7 23.06.2015-Kone Kala 8 23.06.2015-Kone Kala 10 23.06.2015-Kone Kala 9