06 Тамыз, 2015

Қазақстан қыз-келіншектері ЭКСПО-2017 идеяларын ілгерілетуге дайын

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада еліміздің түрлі салаларында қызмет ететін белсенді әйелдердің бастамасымен құрылған «Халықаралық «EXPO&WOMEN» ұйымы» заңды тұлғалар бірлестігінің алғашқы отырысы болып өтті.

expo2017_v2 0

Аталмыш ұйымға бизнес, саясат, индустриялық сектор, қоғамдық қай­раткерлер және журналистер кіретін болады. Ұйым президенті Салтанат Ра­қым­бекованың айтуы бойынша, «EXPO&WOMEN»-ның негіз­гі міндеті мемлекеттік органдар, мем­лекеттің даму институттары, биз­­нес пен әйелдер ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен диалогты қам­тамасыз ету болып табылады. Ол, соны­мен қатар, алдына әйелдерді «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасын, ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыруға белсене қа­ты­­суға жұмылдыруды, сонымен қатар олардың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылатуды мақсат етіп қойып отыр. Бүгінгі таңда ұйым бірнеше ха­лық­аралық ұйым әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға атсалысып ке­леді. Олардың арасында тауар өн­дірушілерге арналған «Халық Маркасы-2015» ұлттық конкурсы, EXPO scheber, International Trade Programm, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын Design & Art жобасы және тағы басқалар бар. С.Рақымбекованың пікірінше, алдағы уақытта өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесінің сәтті өтуі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХI ғасыр­дағы тұрақты даму формуласы ретінде ұсынылған энергоэкологиялық бастамаларын әлем халқы бірігіп белсенді түрде жүзеге асыруына байланысты. Сонымен бірге, халықаралық ұйымдар мен отандық даму институттарының ғаламдық G-Global жобасы аясында қоғам қайраткерлері мен новаторларды біріктіруде әлеуетті мүмкіндіктер тудырады. Қазақстанның «нәзік жандары» осындай маңызды мәселелерді шешуде бейтарап ұстанымда бола алмайды. Белсенді әйелдердің бастамаларына Парламент Сенатының депу­таты, G-Global Халықаралық хат­шылығының жетекшісі Серік Нөгербеков қолдау көрсетіп, ғалам­дық мақсаттары бар жаңа ұйымға көздеген мақсаттарына қол жеткізу жолындағы серпінді жоғалтпауларын тіледі. – Біз әлемдік және отандық интеллект қауымдастықтарымен, соның ішінде тиімді инновациялық жобаларына ресурстарын салатын инвес­торлармен тікелей диалог жүргізуге мүмкіншіліктер туғызатын G-Global коммуникативтік тұғырнамасының әлеуетті мүмкіншіліктерін барынша қолдануға тырысудамыз. Бүгінгі күні G-Global тұғырнамасында «ЭКСПО-2017 виртуалды көрмесімен» танысуға болады, ал біздің бастамаларымыз бен жобаларымыз ғаламдық оқиғаларға қызығушылықты арттырып, қазақстандықтарда жаңа ойлау үдерісі «технологиялық» ойды қалыптастыруда қолғабыс болады, – деді С.Нөгербеков осы орайда. Сонымен қатар, отырыста ұйымға мүше болу, Астана мен Миланда өтетін іс шаралар, және Қазақстан мен басқа мемлекеттердегі өкілдіктер туралы сұрақтар талқыланды.

Сәкен МАЙЛЫБАЙ.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22