Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Voxpopuli.zk суретті репортаждар сайты, Қазақстан блогерлер альянсы, «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ ұйытқы болған шарада сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мұндай экспедиция ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. «Азаматтардың ниетінің арғы жағында үлкен жол тұр, ол жолдың мәні мен мағынасы еліміз үшін де, еліміздің болашағын ойлайтын азаматтар үшін де маңызды. Тәуелсіздігімізді нығайту тек қана бірлікке байланысты. 2015 жылды Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп белгілегені белгілі. ҚХА жылы – бұл бірліктің жылы, елдіктің жылы. Сондықтан, экспедицияның азаматтары елдің жүрегіндегі осы ізгі ниетті шет жерге жеткізетін болады. 31 наурызға дейін азаматтар дайындық жұмыстарын жүргізеді. Әрі қарай оларды үлкен жолсапарлар күтіп тұр. Бұл азаматтар жай бара жатқан жоқ, еліміздің Туын, ҚХА жылының туын Солтүстік полюске апарып, бүкіл дүниежүзіне елімізді, жерімізді танытатын болады. Біз экспедиция мүшелеріне: «Жолдарыңыз сәтті болсын!», деп тілек айтамыз», деді Е. Тоғжанов.
Сонымен, бұл экспедицияның негізгі мақсаты – шетелдерде Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатын насихаттау, қазақстандық этносаралық төзімділік пен қоғамдық ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп, әлемнің ғылыми, мәдени және гуманитарлық кеңістіктерінде Қазақстанды әйгілеу, отаншылдық рухты тәрбиелеу. Баспасөз-мәлихатында сөз сөйлеген «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ төрағасы Нұрлан Әбдуов те Қазақ хандығының 550 жылдығына, ел Конституциясының 20 жылдығына, Жеңістің 70 жылдық мерейтойына, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы үшін берілген өтініміне қолдау көрсетуге орайластырылған бастама туралы өз ойын білдірді. «Дүниежүзі кеңістігіне елімізді дәріптеп қана қоймай, Қазақстаның халықаралық беделін жақсартуда, жастарымыздың отаншылдық рухын оятуда бұл бастаманың маңызы зор», деді ол бұл орайда.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, 31 наурызда экспедиция мүшелері Алматыдан Ослоға (Норвегияға), одан әрі Лонгйирге, яғни Шпицберген аралына ұшуды көздеп отыр. Содан кейін, 4 сәуірде Лонгйирден Барнео мұзды аэродромына ұшып барады, сол жерден Солтүстік полюске дейінгі шаңғы экспедициясы бастау алмақ. Бір атап өтерлігі, Барнеодан полюске дейінгі арақашықтық шамамен 200 шақырымды алып жатыр. Сапар мерзімі күн сайын 20-25 шақырымды жүріп өткенді есептегенде, 7-12 күнді құрайды екен. Ал жолсапардың фотохроникасын ресми ақпараттық серіктес – Voxpopuli.zk суретті репортаждар сайтып жүргізіп отыратын болады. Аталған жоба аясында сондай-ақ, Шпицберген аралының тұрғындары мен Норвегияның байырғы тұрғындарының шығу тегіне зерттеулер жүргізілмек, сондай-ақ, географиялық, этнографиялық бағытта зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, норвегиялықтардың ата-тегі, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі, олардың өзге этностармен тарихи байланыстарын тереңірек түсінуге жол ашылады.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27