Ауа райы • 25 Тамыз, 2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 26, 27 және 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Фото: Ашық дереккөз

Ел аумағында ауа райын батыстан келген антициклон айқындайды. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық күн райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр найзағаймен тек солтүстік-батыс өңірлерде болжанып отыр: 26-28 тамызда – батыста, 28 тамызда – солтүстікте.

Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

  • Батыста: +23…+34 °C, кей жерлерде +38 °C дейін ыстық;
  • Солтүстік-батыс: +30…+35 °C шамасында ыстық сақталады;
  • Солтүстік: +27 °C дейін, кей жерлерде +30…+35 °C дейін көтеріледі;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: +27…+32 °C-тан +22…+27 °C-қа дейін төмендейді;
  • Орталық: қатты ыстық, +30…+35 °C;
  • Шығыс: +17…+27 °C-тан +24…+33 °C-қа дейін көтеріледі;
  • Оңтүстік: қатты ыстық, +35…+40 °C дейін;
  • Оңтүстік-шығыс: +30…+35 °C, таулы аймақтарда +20…+25 °C-тан +32…+37 °C-қа дейін.

Синоптиктердің болжамынша, тамыз айында ауа райы құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз ыстық орнайды, ал басқа аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35