20 Наурыз, 2015

ШЫҰ-ның байқаушылар миссиясы

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оны осы ұйымның Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев басқаратын болды Өткен аптада Бейжің қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтті. Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері үстіміздегі жылдың 9-10 шілдесінде УФА қала­сында жоспарланған Мем­лекет басшыларының кезекті самми­тін және 2015 жылғы басқа да іс-шараларды дайындау мәсе­ле­лерін қарастырды.Ұлттық үйлес­тірушілер ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын әзірлеу және Ұйымды кеңейту туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар 2015 жылғы 29 наурыздағы Өзбекстан Республикасы президентін сайлау мен 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президент сайлауына қатысатын ШЫҰ-дан Байқаушылар миссиясын құру мәселелерін талқылады. ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Қазақстандағы президенттік сайлауда ШЫҰ-ның Байқаушылар миссиясын басқаратын болды. ҰҮК отырысында Қазақстан делегациясына ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлес­тіруші, Қазақстан Респуб­ли­касы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Айдар Әбішев жетекшілік етті. Отырыстың қорытындысы бой­ынша хаттамаға қол қойылды. «Егемен-ақпарат».