18 Ақпан, 2015

Қазақстандық ғалымдар

936 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
100-851шетелдік атом энергетиктерімен бірлесіп еңбек етуде Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық (ҰЯО) 20 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарып, көптеген коммерциялық және ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде ҰЯО бас директоры, ғалым Ерлан Батырбеков арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  Оның айтуынша, ең бірінші қолға алынып, әлі күнге дейін маңызын жоймай келе жатқан жобаның бірі – Елбасының тапсырмасымен ядролық атом қаруын таратпау және мүлде қолданбау жобасы. Осыған орай, тәуелсіздік жылдары қазақстандықтар Семей сынақ полигоны жерінің инфрақұрылымын тарату жұмыстарын 20 жыл бойы жапондық әріптестерімен бірлесіп атқарды. эрлан батырбеков– 2014 жылдың қыркүйек айында осы полигон жер­лерін зерттеуге орай  20 жылдық жұмысымызды реттеп, қорытындылау үшін жапондық әріптестерімізбен кездестік. Кездесу барысында «Кормед» деген жаңа жобаға қол қойдық, – деп түсіндірді Ерлан Батырбеков. – Бұл жоба бойынша, бетон жабындының реактордың белсенді тұсына төтеп бере алатындай төзім­ділігін зерттейміз және ыс­тыққа еріп балқитын тұспен өзара әрекетін қарастырамыз. Біз мұны «Фукусима» АЭС-інде  болған апаттан кейін, қауіпсіздікті алдын ала қам­тамасыз етуді нақтылау үшін қолға алып отырмыз. Бас директордың айтуынша, қазақстандық атом энергетиктері «Сайга» жобасы бойынша француздармен бірлесіп жұмыс істеуде. Мұнда жоғары жылдамдықтағы нейтронды реакторлардың қауіпсіздігі қарастырылуда. Француздармен бірлесіп  қарастырылып жатқан тағы бір жобаның бірі – реакторлардың басқа да тиімді түрлерін игеріп, қолданысқа шығару, осы арқылы әлемдік ғылымды бір қадам болса да ілгерілету. Сондай-ақ, ҰЯО жақында АҚШ-тың «Арагон» ұлттық зертханасымен бірлесіп, реакторлардағы отынның құра­мын араластыру жөніндегі зерттеу жұмыстарын да бастап кетіпті. Бұл жоба аясында ҰЯО ғалымдары ресейліктермен бірлесіп, үш рет тәжірибелік жұмыстар өткізген. Қа­зақ­стандық ға­лымдар АЭС-ті дамытуда өзге де шетелдік ғалымдармен бірлесіп, тың жұмыстарды қолға алып жатыр екен. Дегенмен, курчатовтық ғалым­дар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Семей сынақ полигоны алаңының радио­экологиялық тазалығын жақ­сартуды басты міндетіміз деп түсінеді. Жақында ең күшті атом жарылыстары жа­салған тұстар зерттелген. Оның ішінде әзірше адамдар баруға болмайтын жерлер нақты анықталыпты. Уя.О2 – Тәуелсіздік жылдары біз полигонның 6 мың шар­шы шақырым аумағын толық зерттедік, – дейді Е.Батырбеков. – Қолымызда солтүстік, батыс, шығыс ай­мақ­тар бойынша жасалған зерттеу қорытындылары бар. Кейбір жерлер ауыл шаруашылығына пайдалануға өткен, олардағы қауіпке орай, ондай радиациялық жер­лерді кері қайтару керек. Ал кейбір тұстар таза, бос жатыр, оны, керісінше, шаруа­шылыққа берген жөн. Және айта кетер бір мәселе, жақында «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас­шылығымен жүздестім. Көрмеге біз Токмактағы реак­­тор жұмысының үлгі­сін ұсынамыз. Міне, осы реактор болашақтың энергия­сының нағыз көзі болып табылатындықтан, алдағы уақытта Қазақстандағы энергетика саласы кеңінен дамитын болады.  Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ. Суретті түсірген автор.