Аса бір қатыгездеу адам болмаса көпшілік жыланды өлтіре қоймайды.
Сондай жыландардың бірі қаладағы үйдің ішіне кіріп кеткен. «Құз басына өрмелеп жылан да шығады» дегендей, ақ бауыр жылан тоңазатқыштың үстіне өрмелеп шығып, тор ішіндегі тотықұсқа тап бергенде ғана үй иелері байқап тілдері байланып қала жаздайды. Абдырап қалған олардың бірі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне телефон шалады. Ол өз беттерімен жыланды өлтірмеуге кеңес бергенше әлгі сабазың тотықұсты қарнына тоғытып-ақ жіберген. Құтқарушылар келгенде күтпеген оқиғадан естері шыққан үй иелері сөйлеуге тілдері икемге келмей, тоңазытқыш үстіндегі торды нұсқай беріпті. Бұл кезде тотықұсқа тойынған жылан тор тесігінен шыға алмай жанталасып жатқан.
Құтқарушылар кеше ғана сайрап тұрған, мұндай пәлекет басын жұтады деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген тотықұсты жеп қойған жыланды арнаулы құралдарының көмегімен ұстап әкетті.
Тотықұс тұрған тор бос. Үй иелері енді өз-өздеріне келіп жатыр.
Шымкентте жылан көбейді. Мамандар мұны күннің ысып кетуімен түсіндіреді. Олардың тұрғын үйге кіріп кетуі бірінші оқиға емес екен.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше