Өз қақпаларына доп жіберіп алғаннан кейін астаналықтар жинақылық танытқандай болған. Алайда, матчтың 41-минутында тағы да өрескел қателік жіберіп, қарсыластардың екінші рет біздің қақпаны дәл көздеуіне жол беріп қойды. Атап айтқанда, ХИК ойыншыларының бірі біздің айып алаңға допты әуелете асырды. Пастың тым жоғары болғанын ескерген алаң иелері, соның ішінде қақпашы Ненад Эрич соңына дейін ойнамай, тоқтап қалды. Ал соңғы сәтке дейін шабуылдаған Джаллоу тура алаң сызығының бойынан допты кейін қайтарып қана қоймай, өз әріптесіне басымен тамаша пас шығарып берді. Өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеген Джиден Баа есепті еселеді.
Үзіліске бір минут қалған кезде «Астана» шабуылшысы Патрик Твумаси айып алаңының сыртынан соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші таймды алаң иелері өте белсенді бастады. 46-минутта ХИК ойыншыларының бірі өз айып алаңында қолымен ойнап тәртіп бұзды. Кездесудің бас төрешісі Алон Ефет ойланбастан 11 метрлік нүктені көрсетіп, пенальти белгіледі. Бұл ретте тамаша соққысымен көзге түскен Рохер Каньяс таразы басын теңестіріп кетті. Арада 9 минут уақыт өткенде Дмитрий Шомко өте әдемі соғылған голдың авторы атанып, «Астананы» алға шығарды.
Кездесудің 70-минутында Твумаси алаңнан қуылып, біздің команда қалған уақытта 10 ойыншымен ойнауға мәжбүр болды. Бір футболшысы артық қонақтар басымдыққа ие болып, шабуыл шебін күшейтті. Матчтың 86-минутында төреші біздің қақпаға пенальти белгіледі. Бұл жолы Эрфан Зенели 11 метрлікті дәл орындады.
Дегенмен, алғашқы таймдағы қателіктен нәтиже шығарған астаналықтар 93-минутта төртінші допты соғып, клуб тарихындағы маңызды жеңіске қол жеткізді.
Бұл жеңісінен кейін «Астана» кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алғанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр,
«Егемен Қазақстан».

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше