23 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23.06.2015 SKO-3ПЕТРОПАВЛ. 23 маусым.   Аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтіп, таңдаулы мемлекеттік қызметшілердің есімдері белгілі болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Салтанатты шараны ашу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ерік Хамзаұлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі ұстанымы халыққа  және мемлекетке қызмет ету екенін атап көрсеткенін айта келіп,   535 мемлекеттік органдарда еңбек ететін  5 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілердің  күш-жігерлерін демократияны және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, елді экономикалық дамытуға,  азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға жұмылдыру басты міндет болып табылатынын жеткізді.  Жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтады. 23.06.2015 SKO-4Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының атынан 4 мемлекеттік қызметшіге «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырды. 8 мемлекеттік органдар қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарға ие болды. Жиында «облыстың үздік жас мемлекеттік қызметшісі» конкурсының жеңімпаздарына ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Бұл аталым бойынша бірінші орынды облыс әкімі аппаратының жетекші маманы Азат Мұхамедияров жеңімпаз атанды. Мемлекеттік қызметкерлердің отбасылық әулеттеріне қошемет көрсетілді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.