03 Шілде, 2010

НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МЕКТЕПТЕРІ

829 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасымыздың тікелей қол­дауы­мен құрылған, Тұңғыш Пре­зи­д­енттің интеллектуалды мектеп­тері қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің айқын жетістіктерінің бірі ретінде табысты жұмыс атқаруда. Жақында елордадағы Жаңа университеттің ашылу рәсімінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл интеллектуалды мектептерде оқып жатқан жүзден жүйрік түлектер атал­мыш білім орда­сының сту­денттері аталаты­нын атап өткен еді. Интеллектуалды мектептердің ал­дын­да тұрған мақсат – терең білімнің, кәсі­би дағдылардың не­гізін­де еркін бағдар­лай білуге, өзін-өзі дамы­туға, адамгер­шілік тұрғысынан жауап­ты ше­шімдерді қабыл­дау­ға қабілетті, Ота­нын, елін, жерін сүйетін, ата-анасын қадірлейтін, ақпаратты техноло­гия­­ны терең мең­герген, жылдам өзгеріп жата­тын бүгінгі заманға лайықты, жаңа­шыл тұлғаны қалып­тастыру. Аталған талап­тарға сай білім мен тәр­биені беру үшін бүгінде мек­теп­тер үздіксіз ізденіс үстінде. Қазіргі кезде жараты­лыс­тану, математика бағыттары бойын­ша, графика, статистика сияқты про­фильді пәндерді тереңдетіп оқыту­ға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдымен, әрине, жағдай жан-жақты зерттеліп, отандық бі­лім стандарттарымен қатар, әлем­ге танымал тәжірибелер мен оқу бағдарламалары қаралды. Жаңаша бағдарлама математика, химия, физика, биология пәндерін терең­дете оқытуға және нано, биотех­но­ло­гияны кеңінен білуіне мүм­кіндік береді. Жаңа заманның талабына қа­рай, баланың қажеттілігі де ес­ке­рілуде. Ең бастысы, мектеп қа­быр­­ғасынан шыққан бала үш тіл­­ді білетін, ақпараттық техноло­гия­ларды толық меңгерген, бәсекеге қабілетті, әлемдегі кез келген оқу орнының студенті болуға лайықты болу керек. Қазір мектептерде оқушылар­дың өз білімдерін жетілдіріп, шың­дауға жан-жақты жағдай жасал­ған. Сонымен қатар, физи­ка, математика, химия, биология кабинеттерінің жабдықталу мәсе­лесінде әрдайым ізденіс жолын­дамыз деп айтуға болады. Ақ­па­рат­­тық технологияларды толық­қан­ды меңгерумен қатар, оқу­шы­лардың шығармашылық қабілет­терін, логикалық ойлауды дамыту­ға көп көңіл бөлінген. Жаңа заманның талабына сай жабдықталған білім ордаларында қазіргі таңда екі мыңнан астам балғын білім алуда. Оқу жылы жа­ғым­ды жаңалық әкеліп, Өскемен және Талдықорған қалаларында екі мектеп іске қосылады деп күтілуде. Алдағы уақытта мектеп­тер барлық облыс ор­талық­тарын­да ашылмақ. Интеллектуалды мектептерде биылғы оқу жылы ауқымды іс-шара­лар жүзеге асырылып, жетіс­тік­терге жетуде. Мектеп оқушы­лары Мәскеу қаласында өткен халық­аралық “Математика және жобалау” ғылыми жо­ба­лар кон­курсын­­да, Прагада өткен Халық­­аралық ғылы­ми олимпиада, Аста­нада ұйымдастырыл­ған “Ғылым әлемін ашамыз” атты халықара­лық конкурс, математика пәні бо­йынша Санкт-Петербург универ­си­теті ұйым­дастырған Ин­тер­нет-олим­пиада және республи­калық, облыс­тық олимпиадаларға қаты­сып, жүлдегер атанды. Интеллектуалды мектепте де кадр мәселесіне аса мән беріледі. Жалпы, мамандарды іріктеу кезе­ңінде байқағанымыз, мұғалім­дер біршама талаптарға сай келмейді. Атап айтқанда, жаңа методика мен ақпаратты техноло­гияларды жетік меңгерген, көптілді маман­дардың тапшылығы айқын көрінді. Бұл бағытта мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жоғарылатумен бірге, арнайы бағ­дар­лама бойынша кадр дайындау­да мақсатты жұмыс атқарылуда. Мысалы, Астананың Назарбаев университетімен бірлескен жоба аясында педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің үздік­теріне университетте магистратура курсын оқуға мүмкіндік берілді. Қазіргі заманға сай, бәсекеге қабілетті маман еңбек нарығында біліктілігіне қарай бағаланады. Мектеп мұғалімінің жалақысы кәсі­би деңгейіне тікелей бай­ланысты. Жалақыны дамушы және ынталандырушы күш ретін­де пайдалануы нарықты эконо­микаға тән, қалыпты жағдай. Мұғалімнің кәсіби деңгейімен қатар, мектепке үміткер оқушы­ның да деңгейге сай келуі үлкен мәселе. Бастысы, екі жақтың да жан-жақты дамуына оң ықпал ететін қолайлы білім жүйесі мен білім ортасын құру жолында еңбек етудеміз. Жақында ғана Ұлыбри­тания­дағы бірден бір жетекші оқу орнына Unіversіty College London (USL) өз білімдерін жетілдіруге он бес ағылшын пәні мұғалімін жібердік. Ұлыбритания елінде ұстаздар бір ай болады. Ал жыл бойы жақсы жетістікке ие болған жиырма оқу­шыны тамыз айында Тұманды альбион еліндегі Корольдік универ­ситетіне жазғы зертханалық жұмыс­тарға жіберуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде “Назарбаев Интеллек­туал­ды мектептері” АҚ білім сала­сындағы отандық және әлемдік ұйымдармен тығыз байланыс ор­на­туда. Олардың қатарында Кембридж университетінің халық­аралық экзамен кеңесі (Cambrіdge Іnternatіonal), Лондон универ­си­тетінің колледжі, (Unіversіty College London (USL), Temasek Polіtechnіc университеті (Син­гапур), Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университеті, Ко­ро­лева институты Royal Іnstіtutіon of Great Brіtaіn, Британ Кеңесі, Астанадағы Назарбаев универ­ситеті, тағы басқа да оқу орын­дары бар. Білім – адам баласы­ның ортақ қазынасы. Сол ортақ қазынаны сақтап, одан әрі дамы­ту, жетілдіру өзіміздің қолымызда. Күләш ШӘМШИДИНОВА, “Назарбаев интеллек­туалды мектептері” АҚ басқарма төрайымы.