20 Наурыз, 2015

Назар аударыңыз: конкурс

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу жөніндегі Ғылыми-талдау орталығының жетекшісі бос лауазымына орналасу үшін хабарландыру жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы академиялық дәрежесінің болуы (заң ғылымдары саласында болғаны жөн); ғылыми жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті салалардағы жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: өтініш, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы, өмірбаян, 3 фотосурет (3х4), жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері, қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда), ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда), № 086 нысандағы медициналық анықтама. Конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей. Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қ., Абай даңғылы, 33а, 1106-кабинет. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172)75-32-95, 75-35-05, www.pa-academy.kz; ­ sup@apa.kz
Соңғы жаңалықтар