ҚЫЗЫЛОРДА. 6 тамыз. Қызылорда облысы ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қалалық прокуратурамен бірлесе отырып, «Жол қауіпсіздігін сақта!» атты акциясын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау, жолда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақыру, жол қозғалысына қатысушылардың басқа адамдардың өмірі алдындағы жауапкершілігін сезіндіре отырып, санасын өзгерту, мәдениетін арттыру, әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.
Акция барысында қала орталығындағы халық көп шоғырланатын жолдармен жол-көлік оқиғасында зардап шеккен автокөліктердің қалдықтарын тиеген автоэвакуаторлар жүріп өтті. Сонымен қатар, дыбыс күшейткіш құралдары арқылы қала тұрғындары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулықтарын және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау бойынша ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, автокөлік жүргізушілеріне кітапшалар мен жадынамалар таратылды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mediaovd.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Қызылордада «Жол қауіпсіздігін сақта!» акциясы өтті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше