ҚЫЗЫЛОРДА. 6 тамыз. Қызылордада «Таза қала – таза аймақ» профилактикалық іс-шарасының 4 күнінде 899 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шараға учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, жол-патрулдік полиция батальоны қызметкерлерінен құралған 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, іс-шараның 4 күнінде барлығы 899 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеді.
Атап айтатын болсақ, 1 тамыз күні сағат 10.30 шамасында Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі көп қабатты үйдің ауласына құрылыс қалдықтарын жинап қойып, қала тазалығы мен көркіне елеулі зиян келтіргендігі үшін 1976 жылы туған азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 1-бөлімімен ескерту жасалды.
Сонымен қатар, дәл осындай дерек 3 тамыз күні сағат 11.50 шамасында Қызылорда қаласында да орын алған. Атап айтқанда, Тасбөгет кентінің тұрғыны орталық алаңда темекі шегіп, қалдығын тастап, қоғамдық орындарды ластағаны үшін ұсталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен әкімшілік іс рәсімделіп, шешім қабылдауға Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: pinetron.ru.
• 06 Тамыз, 2015
Қызылордада 4 күнде 899 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше