АСТАНА. 20 наурыз. Криштиану Роналду осы жылдың жазында немесе 2016 жылы корольдік клубтан кететін болды. «Реалдың» президенті Флорентино Перес осы қадамды дұрыс деп санайды. Себебі, ол футболшының келісімшарты аяқталғанға дейін клубта қалғанын қаламайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Қазіргі келісімшарт 2018 жылға дейін. Ол кезде футболшы 34 жаста болады. Соған қарамастан Роналдудың трансферлік бағасы бүгіннен бастап түсуде. Оның үстіне, Криштианудың мүлдем жазылмайтын жарақаттары бар. Бұл алдағы уақытта оның ойынына кері әсерін тигізері анық», – деп, Перес мырза өзінің әрекетін түсіндіруге тырысты.
Сонымен қатар, кейінгі кездері Роналдудың тәртібі де жиі сынға ұшырап жүр. Кейбір жанкүйерлер клуб президентінің әлгіндей сөз айтуына осы мәселе басты себеп болды дегенді алға тартады. Десек те, айтылған сөз – атылған оқ. Сондықтан алдағы уақытта футбол әлеміндегі тағы бір ірі трансферлік ауысымның куәсі болуымыз әбден мүмкін. Жанкүйерлердің айтуынша, Португалия футболшысы «Реалға» дейін ойнаған «Манчестер Юнайтед» командасына қайта баруы ғажап емес. Тіпті МЮ-дың бұрынғы бас жаттықтырушысы Алекс Фергюссон осы мәселе бойынша Роналдумен арнайы кездескен деген де әңгімелер айтыла бастады.
Криштиану Роналду 1985 жылдың 5 ақпанында Португалияның Мадейра қаласында дүниеге келді. Лиссабонның «Спортингінде» тәлім алған ол 2003-2009 жылдары «Манчестер Юнайтед» командасында ойнады. Алты жылдың ішінде ағылшын клубы үшін 196 ойын өтікізіп, 84 гол соқты. Ал 2009 жылы Мадридтің «Реалына» ауысты. Сол кезде Флорентино Перес футболшы үшін МЮ-ға 93,4 миллион еуро төлегенін айта кетейік. Бұл сол кездегі рекордтық меже еді. Содан бері футболшы «Реал» сапында 189 ойын өткізіп, 207 гол соқты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sportbox.az.

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53