АЛМАТЫ. 6 тамыз. Бұдан 70 жыл бұрын – 1945 жылы 6 тамыз күні Америка Құрама Штаттары тұңғыш рет ядролық қару қолданып, Хиросима (Жапония) қаласына атом бомбасын тастады. Ал 9 тамыз күні екінші бомба Нагасаки қаласына түсті. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Жергілікті уақыт бойынша 01:45-те бортына «Бөбек» ("Little Boy") деп аталатын атом бомбасын тиеген полковник Пол Тиббетс мінген В-29 әскери ұшағы 6 сағаттан соң Хиросиманың үстіне ұшып келді. Жапон әуе күштері дабыл қаққан, алайда, ұшақтың жалғыз екенін байқаған соң, дабыл қағуды тоқтатқан. Атом бомбасы 9 шақырым биіктіктен тасталды, жерге 600 метр қалғанда жарылды.
Арада 20 минут өткенде қаланың Токиомен арадағы барлық байланысы толықтай үзілді. Жапон әскері бас штабының барлаушы ұшқышы Хиросима үстіндегі жалынды 160 шақырым жерден байқаған. Кодтық атауы «Семіз» ("Fat Man") деп аталатын екінші бомба Нагасаки қаласына 9 тамыз күні тасталды.
Атом бомбасы түскен нүктеден радиусы 1 шақырым жердегі барлық тірі жан бір мезетте өмірмен қоштасқан. Мәйіттер күлге айналған. Екі шақырымдағы аумақ түгелдей отқа оранған, ал, 20 шақырым жердегі үйлердің терезесі шашылып түскен.
Бұл тұста Хиросимада 245 мың, Нагасакиде 200 мың тұрғын бар болатын.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: ВВС.
Сурет: АР.
• 06 Тамыз, 2015
Ядролық қарудың бейбіт тұрғындарға қарсы жұмсалғанына 70 жыл

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше