03 Шілде, 2010

ТЕАТР ӘРТІСТЕРІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осыдан он жыл бұрын өз ал­дына отау тіккен С.Мұқанов атын­­дағы қазақ сазды-драма театры бұл күнде іргелі өнер орда­сына айнал­ған. Жыл өткен сайын театр әртіс­терінің қа­тары талантты өнер өкіл­дерімен толығып келе­ді. Былтыр Асылхан Рәзиев, Гүлнәз Базар­баева секілді жоғары білімді жас­тар еңбек жолдарын Мағжан елі­нен бастауды жөн көрсе, биыл Ас­тана­дағы өнер университетін тә­мам­даған алты түлек келіп орналасты. Жуырда бұлардың бәрі бас­паналы болды. Облыс әкімі Серік Біләлов оларға жайлы пәтер­лердің кілттерін тапсырып, өнер жолын­дағы қадамдарына ақ жол тіледі. Театрда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бірқатар әртістер үйлерін кеңейтуге қол жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50