ҚОСТАНАЙ. 06 тамыз. Қостанай облысындағы Наурызым қорығында далалы жерлер өртенді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Наурызым ауданындағы Наурызым қорығына қарасты Маркебай деп аталатын жерде даланың қураған шөбі отқа оранды. Таңертеңгі мезгілден тұтанған отты ертеңіне түстен кейін ауыздықтап, ол кешкі 17.00-де толық сөндірілді. Қорықтың белуардан келетін шүйгінді 7000 гектар жері жанып кетті.
Өртті сөндіруге 32 адам, 11 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 69 өрт оқиғасы тіркелді. Ал өткен жылы осы мерзімде 55 осындай жағдай болған еді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше