ҚОСТАНАЙ. 06 тамыз. Қостанай қаласы әкімінің екінші орынбасары Фрунзик Аракелянды №2 қалалық сот 2 айға қамауға санкция берді. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Фрунзик Аракелян Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 361-баптың 2-бөлімі –қызметін асыра пайдаланғаны үшін және 366-баптың 2 бөлімі – үлкен көлемде пара алғаны үшін айыпталады. Сотта мемлекеттік айыптаушы Руслан Өмірзақовтың айтуынша, Аракелян бұрыннан да пара алып жүрген. Ол оны кімнен алғанын айтып берді.
Сонымен қатар, прокурор Фурнзик Аракелянды республикадан тыс жерге қашып кетуі мүмкін екенін айтты, сол үшін оны қамау керектігін ұсынды. Өйткені, Фрунзик мырза өзіне тықыр таянғанын сезсе керек, кабинетін тінтіген кезде оның қызметтен кету туралы жазған арыздары табылды. Оларды концелярия кеңсесіне беріп үлгермеген.
Судья Алтын Байжұманова Аракелянның жақсы мінездемесіне қарамастан оны 2 айға қамауға санкция шығарды.
Еске сала кетейік, Қостанай қаласы әкімінің екі орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталған-ды. Осының алдында Мақсұт Қалиевта 2 айға қамалған болатын.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Қостанай қаласы әкімінің екінші орынбасары да 2 айға қамалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше