АСТАНА. 6 тамыз. Осы жылдың 1 шілдесінде Астанада Wi-fi Bus Astana пилотты жобасы іске қосылған еді. Соған орай қаланың қоғамдық көліктері тегін интернетпен қамтамасыз етілді. Астана қаласы әкімдігімен бірлесе жүзеге асырылған жоба шеңберінде барлық қала автобустары, яғни, 550 қоғамдық көлік қамтылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz хабарлады.
Wi-fi Bus Astana жобасының басты мақсаты – жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті ақпаратпен қамту. Кез-келген қоғамдық көлік пайдаланушысы Wi-fi арқылы керекті маршрут пен аялдамалар туралы ақпаратты ала алады.
Жоба іске қосылған 30 күн ішінде Wifi Bus Astana қызметін пайдаланушылардың саны 1 миллион 26 мың адамды құрады. Тәулігіне, орташа есеппен, бір автобуста 114 қолданушы Wifi Bus Astana қызметіне жүгінеді.
Өткен айда бір ғана автобустың жолаушылары 2 565 гигабайт ақпаратты пайдаланған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жолаушылардың көпшілігі тегін интернетті музыка тыңдап, әлеуметтік желілер үшін қолданатыны белгілі болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: astana.gov.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Бір айда Wi-fi Bus Astana қызметін 1 млн.-нан астам адам пайдаланды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше