АСТАНА. 6 тамыз. Бүгін түнде «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші раунды шеңберінде Шотландияның «Абердин» командасымен қарымта кездесу өткізеді. Сырт алаңда болатын матч Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Апта бұрын Алматыда ойналған ойында қайраттықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан бүгінгі кездесуде Владимир Вайсстың шәкірттері үшін кез келген тең есеп келесі айналымға шығуға жеткілікті. Соған қарамастан, бас жаттықтырушы «Қайраттың» шабуылға көп күш жұмсайтынын айтты.
Бірінші ойында команданың үздік бомбардирі Жерар Гоу алаңға шықпаған болатын. Сондай-ақ, негізгі құрамның ойыншысы Риера да Алматыдағы тартысқа қатыспады. Жаттықтырушының мұндай шешім қабылдауына футболшылардың жаттығу кезінде алған жарақаттары себеп болды. Дегенмен, қарымта ойынға Гоудың қатысуы әбден мүмкін. Себебі, ол командамен бірге Шотландияға барды.
Айта кетейік, бұл кездесуді отандық телеарналар көрсетпейді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Еуропа лигасы. Бүгін «Қайрат» Шотландияда «Абердинмен» ойнайды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше