АСТАНА. 6 тамыз. Халықаралық ғарыш стансасының экипажы өздерімен бірге әнші Сара Брайтманды алып кетудің амалын тапты. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.
Жаңа экспедиция экипажы халықаралық ғарыш стансасына Сара Брайтманның студиялық альбомдарында жазылған даусын алып кететін болды. Дисктерді экипаж мүшелері зеріккенде тыңдамақшы. Бұл туралы ойын Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Сергей Волков станса жаңа экипажының емтихандық жаттығуында білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания әншісі Сара Брайтман Ресейлік Жұлдыздар қалашығындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында дайындықтан өткен болатын. Алайда, отбасылық жағдайына байланысты әнші жоспарланған ұшудан бас тартты. Нәтижесінде, оның орнын қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов алмастырды. Экипаждың орбитаға 2 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесімен ұшуы жоспарланған.
«Бізде ең соңғы минутта өзгерістер болды. Қазір бізбен бірге екі бортинженер бар. Барлығы жақсы, біз дайындалдық. Қобалжуға еш негіз жоқ», – деп атап өтті Сергей Волков.
Өз кезегінде он күндік ғарыш сапарынан бас тартқан Сара Брайтманның орнын алмастырған қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Ұшу мерзімінің тым қысқалығына өкінбейсіз бе?» деген сұраққа: «Аздан бастап, көппен аяқтаймыз», – деп жауап берді.
ХҒС-45/46/ЭП-18 жаңа міндеттегі негізгі экипаж құрамында Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Сергей Волков (халықаралық ғарыш стансасына 2008 жылы ұшқан), Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: informburo.kz.
Сурет: zakon.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Ғарышқа ұшпақшы болған әнші Брайтманның әндері ХҒС-та шырқалады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше