23 Маусым, 2015

Ақтөбеде халықаралық ән фестивалінің іріктеу кезеңі өтті (фото)

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-06-2015-Aktobe Shamshi 01АҚТӨБЕ. 23 маусым. Ақтөбеде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі және жеңімпаздарының гала-концерті өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Фестиваль шымылдығы халықаралық байқаулардың лауреаты Аллаберген Жақсыбаевтың орындауында Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Бейбіт Оралұлының «Ақтөбе» әнімен ашылды. Шараның құрметті қонақтары және қазылар алқасының мүшелері Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі Нұрболат Ахметжанов, Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің бас сарапшысы Қуанышбек Мұханғалиев және облысқа танымал мәдениет және өнер қайраткерлері болды. Өңірде осы байқауға қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Фестивальдің облыстық іріктеу кезеңіне 15 өнерпаз қатысып, өздерінің таланттарын көрсете білді. Ән байқауы барысында композитор Шәмші Қалдаяқовтың танымал және ел сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. «Жүзден жүйрік» шыққан ақтөбелік әнші Жәнібек Байбосынов күзде Астанада өтетін Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестиваліне жолдама алды. Ол онда облыс намысын қорғайтын болады. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 23-06-2015-Aktobe Shamshi 02 23-06-2015-Aktobe Shamshi 03 23-06-2015-Aktobe Shamshi 04 23-06-2015-Aktobe Shamshi 05 23-06-2015-Aktobe Shamshi 06
Соңғы жаңалықтар