03 Шілде, 2010

БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ІІІ Астана Экономикалық форумына қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Сыртқы сауда істері жөніндегі мемлекеттік хатшы Анн-Мари Ид­­рак бастаған Француз Республи­ка­сы делегациясымен кездесу бары­сында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай жөнінде пікір алмасулар өтіп, сондай-ақ Қазақ­стан-Франция индустриялық ын­ты­мақтастық мәселелері талқы­ланды. Премьер-Министр К.Мәсі­мовтің БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының бас директоры Кандэ Юкмелламен кездесуінде қуат тиім­ділігі мен қуат үнемдеу сала­ла­рындағы өзара іс-қимылдың перс­пек­тивалары сөз болды. Премьер-Министр К.Мәсімов пен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Мохаммед Яхия Маруфидің кездесуінде өңірлік экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50