06 Тамыз, 2015

Қарағандының спортшылары Олимпиададан олжалы оралды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-08-2015-Karagandy

ҚАРАҒАНДЫ. 6 тамыз. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 21 шілде мен 3 тамыз аралығында өткен Бүкіләлемдік жазғы арнайы ойындарда қарағандының мүмкіндіктері шектеулі спортшылары спорттық гимнастика бойынша 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қарағандылық спортшылар арнайы Олимпиадаға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған гинастика залында жаттыққан болатын. Әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі спортшыларды аптасына үш рет жаттығуға апарып, көмек қолын созды. Құжаттарын рәсімдеп, медициналық тексерістен өтулеріне де қолғабыс жасады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі.