03 Шілде, 2010

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

783 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше елордадағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов арнайы келіп қатысты. Алдағы Астана күні мерекесіне орайлас ашылып отырған бұл спорт кешенінің салтанатында сөз алған Үкімет басшысы барша елордалықтарды келе жатқан қала күні мерекесімен және бүгінгі игілікке беріліп отырған спорт кешенімен құттықтады. Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын өрттік-құтқару спорты бойынша жаздық, қыстық чемпи­онаттарды өткізіп келеді. Жарыс барысында үздік спортшылар көзге түсіп, олар бірқатар спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Жаңа спорт кешенінің ашылуы Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы елорда халқы үшін де маңызды оқиға болып табылады. Салтанатты ашылу рәсімі ая­сында спортшы – өрт сөндіру­шілердің оқу мұнарасындағы көрсетілімдері қойылды. Сондай-ақ, футбол бойынша турнирлер мен күрес (самбо, еркін күрес,) сайыс­тары болды. Кешеннің құрылысы 2009 жыл­дың басында басталып, онымен Қазақстанның өндірістік, әлеумет­тік инфрақұрылымы мен тұрғын үй қорына өз үлесін қосып келе жат­қан “Ақмоластрой” корпорациясы айналысқан.       Кешенде өрт-оқу қалқасымен 100 метрлік жолағы (4 жолақ), бассейн (25 м), жауын­герлік және жаттығу залдары, кіші футбол, волейбол, тенниске ар­нал­ғ­ан залдар, жүгіру жолақтары бар ашық футбол алаңы бар. Сонымен қатар, кешен алаңында оқуға арналған газ-түтін камера­лары орналастырылған. Құрылыс­тың жалпы аумағы 2,5842 гектар­ды алып жатса, оны салу үшін 700 млн. теңгеден астам қаражат бөлініпті. Жаттығу орнының болуы өрт сөндіруші мамандардың спорттық шеберлігін арттыру үшін өте ма­ңызды болып табылса, ол халық­аралық аренада да Қазақстанның намысын алып шығуға септігін тигізбек. Сондай-ақ, төтенше жағд­ай­лардың салдарын жоюға қажетті тәсілдерді жетілдіру үшін де аса керек кешен дегеніміз жөн. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.