АСТАНА. 6 тамыз. АҚШ-та 35 жыл бұрын белгілі поляк-американ музыканты, оқытушы Роман Тотенбергтен ұрланған Страдиваридің скрипкасы табылды. Музыкалық аспап скрипкашының қыздарына қайтарылады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Associated Press агенттігінің ақпары бойынша, 1734 жылы атақты итальян шебері Антонио Страдивари жасаған ішекті аспап 1980 жылы ұрланған. Р.Тотенбергтің скрипкасы өзі басқарған Кембридж қаласындағы музыка мектебінде берген концертінен кейін жоғалып кеткен. Күдік аспаптың қасында айналшықтап жүрген жас музыкант Филип Джонсонға түскен, бірақ оған айып тағу үшін нақты дәлел болмаған.
Ф.Джонсон 2011 жылы қайтыс болды. Ол скрипканы арнайы қабына салып кілттеп, бұрынғы әйеліне беріп кеткен екен. Бірнеше жыл бойы кілттің құпия кодын біле алмай келген әйел аспаптың қабын биыл ғана ашып, оны бағалаушыға алып барған. Ал бағалаушы скрипканы танып, сол бойда ұрланған өнер шығармаларын іздеумен айналысатын ФБР бөліміне хабар берген.
Бостон университетінің профессоры Р.Тотенберг 2012 жылы 101 жасында қайтыс болды. Оның үш қызының бірі Нина Тотенберг әкесінің ұрланған скрипканы еске алғанда қатты мұңаятынын, ол үшін бұл оқиға отбасының бір мүшесінен айырылумен бірдей болғандығын айтады.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: tass.com.
Сурет: eruditam.net.
• 06 Тамыз, 2015
35 жыл бұрын ұрланған Страдиваридің скрипкасы табылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше